Ұлыбританияда өткен аукционда әйгілі ғалым Альберт Эйнштейнге тиесілі скрипка 1,5 миллион АҚШ долларына сатылды.
Аспапты алған адамның есімі құпия. Бұл - ғалымның 1890 жылдары Германияда сатып алған алғашқы аспабы. Өнертапқыш аспапты дос-жарандарымен отырғанда немесе жұмыс арасында жиі қолға алған дейді. Өзі АҚШ-қа қоныс аудармай тұрғанда скрипканы әріптесі Макс фон Лауға сыйға тартқан екен. Ол кейін Эйнштейн жанкүйерлерінің біріне табыстаған. Сөйткен аспап 70 жылдан астам уақыт сақталып, бүгінгі күнге жетті. Бағасы да өскен.
Тегтер #Альберт Эйнштейн #АҚШ доллары #Ұлыбритания #аукцион #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz