Перу Конгресі ел президенті Дина Болуартені қызметінен босатты. Бұл шешім елдегі қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты қабылданған.
Парламент төрағасы дауыс беру нәтижесін тікелей эфирде жариялап, шешім бірауыздан қабылданғанын айтты. Бұған дейін Конгреске президентті қызметінен кетіру туралы төрт ұсыныс түскен. Депутаттар Болуартенің қылмыспен күрестегі саясатын сынға алды. Айта кетейік, бұл - Перуде соңғы бес жыл ішінде қызметінен алынған үшінші президент. Елде қылмыс көбейіп, ахуал күрделі болып тұр. Бұған дейін ішкі істер министріне де сенімсіздік вотумы жарияланған. Енді елдің жаңа президенті болып Хосе Хери тағайындалды.
Тегтер #Хабар 24 #жаңалықтар #Перу #президентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz