Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадо 2025 жылғы бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленді.
Нобель комитеті оны елдегі демократия мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы табандылығы үшін марапаттады. Мачадо 2024 жылы президенттік сайлауға түспек болған, бірақ билік оның кандидатурасын қабылдамаған. Ол оппозициялық праймеризде 90 пайыздан астам дауыс жинап, түрлі саяси күштерді біріктіре алған. Алайда сайлау науқаны басталмай жатып, билік оны елге қарсы санкцияларды қолдады деп айыптап, 15 жылға сайлауға қатысу құқығынан айырды. Мачадо бұл шешімге шағым түсіргенімен, Мадуро жақтастары басым Жоғарғы сот өтінішін қанағаттандырмады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Нобель сыйлығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz