RU
Толық нұсқаға өту

Трамптың енгізген жаңа тарифтерінен кейін қор нарығы құлдырады

11.10.2025, 12:33 422

АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы қайта ушықты.

Президент Дональд Трамп Қытайдан келетін барлық тауарға тағы 100 пайыздық жаңа тариф енгізетінін жариялады. Қатаң шара 1 қарашадан бастап күшіне енуі мүмкін. Егер Қытай қарсы қадамдар жасаса, одан да ертерек іске асады. Жағдайдың бұлай өрбуіне Бейжіңнің сирек металдарға қатысты экспорттық шектеулерін күшейтуі себеп. Вашингтон мұны ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп сынады. Ақ үй Қытайдың жаңа саясаты әскери және жартылай өткізгіш өндірісінде қолданылатын маңызды шикізатқа қолжетімділікті күрт шектейді деп отыр. 

ЦИТАТА

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

«Қытай сауда саласында бұрын-соңды болмаған қадамға барды. Олар 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап өздері шығаратын барлық өнімге, тіпті кейбір өздері өндірмейтін тауарларға да кең көлемді экспорттық шектеу енгізетінін хабарлады. Бұл халықаралық сауда тарихында болмаған жағдай. Осы себепті АҚШ 1 қарашадан бастап Қытай тауарларына қазіргі тарифтерден бөлек қосымша 100 пайыздық салық енгізеді. 

Қытай

Сарапшылар бұған Вашингтонның Қытайға қатысты экспорттық шектеулерін арттырып, бірқатар технологиялық компанияларын қара тізімге енгізуі себеп дейді. Жаңа тариф туралы жарияланғаннан бері Уолл-стритте дүрбелең болып, негізгі индекстер айтарлықтай құлдырады. Dow Jones индексі 1,9 пайызға төмендесе, Nasdaq 3,56 пайызға құлады. Дональд Трамп пен Си Цзинпинь осы айдың аяғындағы АПЕК саммиті аясында жолығуы жоспарланған. Бірақ Ақ үй қожайыны бұл кездесудің тағдыры екіталай деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz