Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен ынтымақтастықты уақытша тоқтатты. Бұл туралы сыртқы істер министрі Аббас Аракчи хабарлады.
Бұған дейінгі келісім бойынша, агенттік инспекторлары Иранның ядролық нысандарына кіріп, бейбіт мақсаттағы бағдарламасын тексере алатын. Енді бұл бақылау елдің Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі арқылы жүргізіледі. Аракчидің айтуынша, Тегеран келісімге қайта оралуға дайын, бірақ ол үшін Иран халқының құқықтарын қорғайтын нақты кепілдіктер қажет. Айта кетейік, қыркүйекте қауіпсіздік кеңесі Ұлыбритания, Германия және Францияның бастамасымен БҰҰ санкциялары қайта енгізілгеннен кейін МАГАТЭ-мен серіктестікті тоқтату туралы мәселені қараған болатын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #атомPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz