RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде 269 парламенттік палата бар

14.10.2025, 00:00 477

Негізі елімізде парламенттік реформа мәселесінің талқыланып келе жатқанына 20 жылдан аса уақыт өтті.

Бірқатар әлем елдері мұның тиімділігін ескеріп, әлдеқашан аталған жүйеге көшіп алды. Халықаралық Парламенттік одақ мәліметіне қарасақ, мемле­кет­тердің басым бөлігі бір палаталы Парламентпен әділдік құрып отыр. Одақтың есебіне сәйкес, әлемдегі парламенттік жүйе екі палаталы және бір палаталы болып екіге бөлінеді. Дүние жүзіндегі ұлттық парламенттің 81-і екі палаталы, 107-сі – бір палаталы, жалпы саны 269 парламенттік палатадан тұрады. Оларда шамамен 44 мың парламент мүшесі бар. Сарапшылардың айтуынша, бір палаталы парламент негізі унитарлы мемлекеттерде құрылған. Өйткені аймақтарға бөлінбейді. Әсіресе халық саны аз мемлекеттерге бір палаталы жүйе тиімді.

Екі палаталы - 81

Бір палаталы - 107

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz