RU
Толық нұсқаға өту

Трамп Зеленскиймен кездесуге ниетті

14.10.2025, 09:15 323

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездеседі. Бұл туралы Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласынан Вашингтонға ұшар алдында БАҚ өкілдеріне мәлімдеді. Кездесу 17-ші қазан күні Ақ үйде өтуге тиіс. Тараптар бұл отырыста Киевке алыс қашықтыққа ататын қару-жарақ жеткізу мәселесін талқыламақ. Сапар барысында Зеленский сенаторлармен, бірқатар әскери және энергетикалық компания өкілдерімен жүздесуді жоспарлап отыр. Бұған дейін екі ел басшылары қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында кездескен еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz