Газа секторын қайта қалпына келтіру үшін 70 млрд АҚШ доллары қажет. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы Даму бағдарламасының жетекшісі мәлімдеді.
Әсіресе Газа қаласында ахуал күрделі. Шаһардағы ғимараттардың 92%-ы бүлінген. Ал қайта қалпына келтіру жұмыстарына ұзақ уақыт қажет. «Өйткені қыруар қаражатты тез арада жинау мүмкін емес», - дейді ұйым өкілдері. Бірақ бұған дейін АҚШ, Еуропа және араб елдері тиісті қаржыны жинауға көмектесетінін мәлімдеген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Газа секторы #БҰҰPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz