RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Газаға гуманитарлық көмекті шектеді

15.10.2025, 10:00 365

Израиль билігі Газа секторына жеткізілетін гуманитарлық көмекті шектеді. Сондай-ақ Рафах бақылау бекетін жапты. Бұған дейін жасалған бейбіт келісімге қарамастан Израиль Газа аумағына тәулігіне тек 300 жүк көлігін кіргізуге  рұқсат берді деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы. Бұл бұрын уәде етілген гуманитарлық көмектің шамамен жартысы ғана. Сондай-ақ жанармай, газ және өзге де тауар түрлерін кіргізуге тыйым салынған. Айта кетейік, Газа аумағында кейінгі тәулікте 9 палестиндік қаза тапты. Олардың алтауы Газа қаласында, ал үшеуі Хан-Юнистегі қақтығыстар кезінде опат болған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz