АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы жағдайды реттейтін бейбіт келісімнің екінші кезеңін бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Трамптың айтуынша, алғашқы кезең сәтті аяқталды. ХАМАС ұйымы Газа секторында екі жылдан астам уақыт бойы тұтқында болған 20 Израиль азаматын босатты. Ал Израиль келісімге сәйкес әскерін шегіндіріп, 1 900-ден астам палестиндік тұтқынды еркіндікке шығарды.
Тегтер #Трамп #Газа #жоспар #бейбіт келісімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz