ХАМАС кепілге алынған адамдардың мәйіттерін Израильге қайтарды.
Газа секторынан 4 тұтқынның мәйіті Қызыл Крест көліктері арқылы елге жеткізілгенін Израиль әскері хабарлады. Хамас тағы 20 адамның мүрдесі кейінірек жіберілетінін мәлімдеді. Бұл шара АҚШ, Египет, Түркия және Қатардың арағайындығымен қол жеткізілген келісім аясында іске асып отыр. Жалпы Газада 28 тұтқын қаза тапқан. Бұған дейін тірі қалған 20 адам Израильге оралды. Сондай-ақ 1 мыңнан астам палестиндік тұтқын отбасыларымен қауышты.
Тегтер #ХАМАС #Израиль #мәйіт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz