Будапешт АҚШ-Ресей саммитін өткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы президент Трамп бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда тақауда екі елдің Сыртқы істер министрлері бас қосады. Сол кездесуде саммиттің нақты уақыты мен орны белгіленуге тиіс. Кеше Ақ үй басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Президент Трамп бұл әңгіме істің алға басқаны деп санайтынын жеткізді. Өзі осы арада Таяу Шығыста 8 соғысты тоқтатқанын айтып, енді 9-шы қақтығысты реттейтнін жеткізді.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Путин мен Зеленскийдің қатынасы қиын. Екеуі де бір-бірін жақтырмайды. Мұндай жағдайда кездесу ұйымдастыру оңай емес. Сондықтан әрқайсысымен бөлек бас қосамыз. Жанама келіссөздер форматында өткізуіміз мүмкін. Кездесу Венгрияда өтеді. Оны Виктор Орбан қабылдайды. Бұл – уақыты келген маңызды кездесу.
Зеленский АҚШ-тан әскери көмек сұрамақ
Бүгін Президент Трамп Украина басшысымен Ақ үйде кездесуге тиіс. Владимир Зеленский басқосуға бір күн қалғанда АҚШ-қа барды. Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша ол Вашингтоннан қосымша әскери көмек сұрауға ниетті. Соның ішінде алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар жеткізу туралы келіссөз жүргізеді. Алайда сарапшылар Трамптың Путинмен 2 сағатқа созылған әңгімесінен кейін Құрама Штаттар бұған келісуі екіталай деп отыр.
Тегтер #Будапешт #АҚШ #Ресей #саммит
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz