RU
Толық нұсқаға өту

Газада азық-түлік пен дәрі тапшы

17.10.2025, 09:25 384

Газада қарулы қатығыс тоқтағанмен гуманитарлық ахуал қиындап тұр. Дәрі-дәрмек, азық-түлік пен медициналық құралдар тапшы. Көмек жіберілгенімен, мұқтаж жандарға жетпей жатыр. Келісім бойынша Израиль күніне 600 гуманитарлық жүк көлігін өткізуі тиіс еді, бірақ қазір тек 300 көлікке рұқсат беріп отыр. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша, кейінгі аптада Газаға 216 көлік қана жеткен. Рафах өткелінде жүзге жуығы кезек күтіп тұр. Бүгінде ондағы халықтың тамақ сатып алуға ақшасы да жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz