RU
Толық нұсқаға өту

Газаға әуе соққысы тоқтамай тұр

20.10.2025, 07:15 385

Әл-Маядин телеарнасының дерегі бойынша, кейінгі бір тәулікте 44 адам қаза болған. Израиль әскері Нұсрейт пен Әл-Брейдждегі босқындар лагерін бомбалаған. 

Мұнда әуе соққысынан 18 палестиналық бақилық болып, 50-ден аса тұрғын жараланды. Жалпы өткен бір күн ішінде Израиль әскері анклавтағы 100-ден аса нысанға әуе соққысын жасады. Тель-Авив ХАМАС Хан-Юнис пен Рафахта оқ атпау туралы режимді бұзды деп айыптап отыр. Ал Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, бейбіт келісім күшіне енгелі, яғни 10-қазаннан бері Газа секторында 51 адамның өмірі қиылып, 150-ден астамы жараланды. Қарсы тарап Израильді сегіз күнде бейбіт келісімді 47 рет бұзды деп айыптады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz