RU
Толық нұсқаға өту

ЕО саммиті: экономика және еуроның рөлі

23.10.2025, 17:30 414

Брюссельде өтіп жатқан екі күндік саммит барысында Еуроодақтың қазіргі экономикалық жағдайы, сондай-ақ алдағы уақытта жүзеге асырылатын даму стратегиялары қаралатын болады.

Отырысқа Еуропа орталық банкінің президенті Кристин Лагард пен Еуротоп басшысы Паскаль Донохью қатысады. Жиында еуроның халықаралық деңгейдегі маңызын арттыру, экономикалық тұрақтылықты нығайту және цифрлық валюта енгізу мәселелері талқыланбақ. Сондай-ақ қатысушылар экономиканың қазіргі ахуалын, бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдарын және бюрократиялық рәсімдерді жеңілдету мәселелерін қарайды деп жоспарланған.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz