RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ аясында киберқылмысқа қарсы алғашқы конвенцияға қол қою рәсімі басталды

26.10.2025, 11:30 485

БҰҰ аясында киберқылмысқа қарсы алғашқы халықаралық конвенцияға қол қою рәсімі басталды.

Салтанатты шара Вьетнамда өтіп жатыр. Құжаттың негізгі мақсаты хакерлік шабуылдар, интернет-алаяқтық және онлайн кеңістіктегі адам саудасына қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайту. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл келісім әлемдік цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Құжат ұйымға мүше мемлекеттер ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz