Қазіргі таңда Porsche компаниясы қаржылық ауыртпалықпен күресіп жатыр. Неміс өндірушілері үшінші тоқсанда 960 миллион еуро шығын көрген. Ал өткен жылы керісінше, шамамен бір миллиард еуро пайда тапқан еді.
Мамандар мұның себебін Қытайдағы сатылымның азаюымен және АҚШ-тың жоғары баж салығымен байланыстырады. Жаңа жылдан бастап компанияны Михаэль Ляйтерс басқарады. Ол 1900 жұмыс орнын қысқартып, компанияны қайта құрылымдауды жоспарлап отыр. Ал сарапшылар Поршенің электр көліктері дәуірінде елеулі орнын сақтап қалуы қиын болуы мүмкін деп болжап отыр.
Тегтер #Porsche #өнеркәсіп #дағдарыс #ГерманияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz