АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан көшбасшыларын «C5+1» форматындағы саммитке шақырды.
Кездесу 6 қарашада Вашингтонда өтеді. Бұл - осындай форматтағы екінші саммит. Алғашқысы 2023 жылы Нью-Йоркте Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының жиыны кезінде өткен. Оны АҚШ-тың сол кездегі президенті Джо Байден ұйымдастырды. АҚШ үкіметі аймақтағы бес елмен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін C5+1 платформасын 2015 жылы құрған. Биылғы кездесудің басты тақырыбы сауда мен инвестиция, маңызды минералдық ресурстар және энергетика саласындағы ынтымақтастық болмақ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #саммитPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz