Вьетнамда нөсер жаңбыр басылар емес. Кемінде тоғыз адам қаза тауып, тағы бесеуі із-түзсіз жоғалған.
Хюэ мен Хойан сияқты танымал туристік өңірлерде жүз мыңнан астам үйді су басты. Негізі маусым мен қазан аралығындағы жаңбыр – аймақта жылда болатын қалыпты құбылыс. Бірақ биылғы нөсердің ауқымын мамандар тарихтағы абсолютті рекорд дейді. Метеорологтардың мәліметінше, тәулік ішінде мың миллиметрден астам жауын-шашын түскен. Қазір қауіпсіздік күштері жедел көмек көрсетіп, тұрғындарды эвакуациялап жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Вьетнам #тасқынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz