Өзбекстанның қалың қазақ мекендейтін Ташкент облысына қарасты Шыршық қаласының қазақ мектептерінде кішкентай қолөнершілер шоғыры өсіп келеді.
Олар тұрмысқа қажетті бұйымдарды тіпті ет тартатын табақ жасауды да үйренген. Мектеп оқушыларының қолынан шыққан бұл бұйымдар жергілікті тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие.
Шыршық қаласындағы №14 мектепте мыңға жуық оқушы болса, соның 321-і қазақ балалары. Аралас білім ордасында жасөспірімдерді еңбекке ерте жастан баулитын арнайы сабақтар өткізіледі. Қаракөздеріміз ұлттық нақышта бұйымдар жасап, шеберліктерін шыңдап жүр.
Бақтияр Дүйсенбаев, оқушы:
- Қолымдағы бесбармақ салатын астау. Өзім жасадым, ұстазым көмектескен. Өзіміз жақсы көрген кәсіппен айналысамыз.
Қыздар үшін арнайы тігін цехы жұмыс істейді. Оқушылар мерекелік шараларға көйлек тігіп, түрлі конкурстарға қатысады. Ал мына кішкентай аспаздар қамыр илеп, бауырсақ пісіруге дайындалып жатыр.
Қыз-Жібек Алтынбекова, мектеп директорының орынбасары:
- Бізде қазақтың ұлттық кіимдерін тігеді. Әр түрлі іс-шараларға қыздарымыз өздері тіккен киімдерін киіп өнер көрсетеді. Сонымен ән айтып, би билейді.
Оқушылардың жасаған қолөнер бұйымдары мен пісірген тәттілері жергілікті тұрығындар арасында үлкен сұранысқа ие. Ал кішкентай шеберлер үшін еңбектің жемісін көру, ең үлкен бақыт іспетті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Өзбекстан #өнерпаздар #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz