Қытай Халық республикасының төрағасы Пусанға Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысу үшін барды. Бұл - екі ел көшбасшысының кейінгі алты жылдағы алғашқы кездесуі.
Қазір Америка және Қытай делегациялары екі елдің сауда-саттық мәселелерін талқылап жатыр. Бұған дейін Дональд Трамп Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёнмен кездескен еді. Тараптар ақыры сауда келісімін жасасты. Нәтижесінде Оңтүстік Корея АҚШ-қа 350 млрд доллар көлемінде инвестиция құятын болды. 200 млрд доллар қолма-қол берілсе, 150 млрд доллар кеме жасау саласындағы келісім аясында төленеді.
Тегтер #АҚШ #Трамп #Си Цзиньпин #кездесу #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz