Вьетнамда су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан 13 адам опат болды. Тағы 11 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Су деңгейі күрт көтеріліп, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Хюэ және Хойан қалаларында тұрғындар жаппай эвакуацияланды.
116 мың үй су астында қалып, 5 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары бүлінген. Қазіргі уақытта апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Тегтер #Вьетнам #көшкін #опат болғандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz