RU
Толық нұсқаға өту

Луврды тонаған тағы екі күдікті айыпталды  

02.11.2025, 12:50 423

Париж соты Лувр мұражайындағы ұрлық ісі бойынша тағы екі күдіктіге айып тақты. Ұсталған ер адам ұйымдасқан топ мүшесі деп танылды. Ал екінші күдікті әйел сыбайлас ретінде айыпталып, екеуі де қамауға алынды. Олар өз кінәсін мойындамай отыр. 

Бұған дейін ұсталған тағы екі адам кінәсін жартылай мойындаған. Тергеу мәліметі бойынша күдіктілердің ДНҚ іздері мұражай терезесінен анықталған. Әйгілі Лувр ғимаратында қолды болған француз патшаларының зергерлік бұйымдары әлі табылмады. Жоғалған заттар 88 млн еуро деп бағаланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz