Кенияның батысында толассыз нөсер соңы лай көшкініне ұласып, 21 адам опат болды. Тағы 30 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. Биік жотадан аққан лай-батпақ бір елді мекенді түгел шайып кеткен.
Ауыр жарақат алған 25 адам ауруханаға тікұшақпен жеткізілді. Баспаналары қирап, жапа шеккен тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Апат ауданында іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр.
Тегтер #Кения #көшкін #тікұшақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz