RU
Толық нұсқаға өту

Ауғанстанда жер сілкінді

03.11.2025, 09:07 426

Ауғанстанның солтүстігінде болған 6,3 балдық жер сілкінісі кемінде жеті адамның өмірін қиды.

Тағы 150 адам жараланды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. Дүмпу ошағы Мазари-Шариф қаласының маңында 28 шақырым тереңдікте тіркелді. Елді мекенде шамамен 523 мың адам тұрады. Табиғи апат үйлерді және жергілікті мешітті қиратқан. Құтқару қызметтері апаттың ауқымы мен жапа шеккендердің санын анықтап жатыр. Айта кетейік, мұндай күшті жер сілкінісі бұған дейін 2015 және 2023 жылдары болып, мыңдаған адамның өмірін қиған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz