RU
Толық нұсқаға өту

ХАМАС үш тұтқынның мәйітін қайтарды

03.11.2025, 21:00 415

ХАМАС Израильге тағы үш тұтқынның мәйітін тапсырды. Бейбіт келісімнің аясындағы маңызды міндет «Қызыл Крест» ұйымының делдалдығымен іске асты. Мәйіттер Газаның оңтүстігіндегі туннельдердің бірінен табылған.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім 13 қазанда күшіне енді. Келісім бойынша үш күн ішінде 28 тұтқынның денесі қайтарылуы тиіс. Алайда әзірге 19 адамның мәйіті қайтарылды. Израиль жағы үдерістің баяу жүріп жатқанын сынға алып, келісім толық орындалмаса, ел қайтадан ауқымды әскери әрекеттерді бастайтынын ескертті. Ал ХАМАС өкілдері: «Техниканың жетіспеуі жұмысты қиындата түсті» дейді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz