RU
Толық нұсқаға өту

Непалда қар көшкінінен 7 адам қаза тапты

04.11.2025, 21:35 348

Гималайда көшкін жүріп, кемінде жеті адам қаза тапты, тағы төртеуі із түзсіз жоғалған.

Альпинистер Ялунг-Ри тауына шығып бара жатқан сәтте, теңіз деңгейінен шамамен бес жарым мың метр биіктікте болған кезде қайғылы жағдай болды. Экспедиция 15 адамнан тұрған. Қаза тапқандардың арасында Франция, Италия, Канада және Непал азаматтары бар. Ал жоғалғандардың барлығы – жергілікті гидтер. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша, ауа райының қолайсыздығы апат аймағына жетуді қиындатып тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz