RU
Толық нұсқаға өту

Филиппинде тайфун салдарынан 26 адам қаза тапты

04.11.2025, 21:40 381

Филиппин тұрғындарының берекесін қашырған «Калмаеги» тайфунынан 26 адам опат болды.

Дүлей дауыл толассыз жаңбыр мен су тасқынына ұласты. Желдің күші сағатына 180 шақырымға дейін жетті. 400 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тайфун сондай-ақ Суригао-дель-Норте провинциясындағы туристік аудандарда демалып жатқан азаматтардың шырқын бұзды. Кеме және әуе қатынасының тоқтатылуы туристерді тығырыққа тіреді. Айта кету керек, Филиппин жыл сайын 20-ға жуық тропикалық дауылмен бетпе-бет келеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz