RU
Толық нұсқаға өту

Германия Ганаға 65 млн еуро бөледі

05.11.2025, 10:15 419

Германия Ганада жаңартылатын энергия көздерін дамытуға 65 миллион еуро бөледі. Бұл туралы Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Африка еліне жасаған үш күндік сапары барысында мәлімдеді. 

Қаржы цифрлық инфрақұрылымды дамыту мен техникалық мамандарды оқытуға да бағытталады. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады және жақын уақытта Бундестагтың қарауына ұсынылады. Штайнмайер Германия мен Гананың ондаған жылдар бойы ғылым, экономика және денсаулық сақтау салаларында тығыз ынтымақтастық орнатып келе жатқанын атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz