RU
Толық нұсқаға өту

Филиппинде тайфуннан көз жұмғандар саны жүз адамнан асты

05.11.2025, 21:51 430

Филиппинде тайфуннан көз жұмғандар саны 100-ден асты.

Тағы 26 адам із-түзсіз жоғалған. Елдің берекесін қашырған қатты жел мен толассыз жауын су тасқынына ұласты. Желдің күші сағатына 180 шақырымға дейін жеткен. Ағаштар құлап, ғимараттар бүлінді. Ондаған тұрғын баспанасыз қалды. Билік өкілдерінің айтуынша, 400 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Қазір тайфун Вьетнамға қарай ығыса бастады. Елде дауылды ескерту жасалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz