Филиппинде дүлей дауылдан опат болғандар саны 114-ке жетті. 127 тұрғын ізім-қайым жоқ.
82 адам жарақат алған. Мұнда біраз елді-мекенді су шайып кеткен. Әсіресе Себу қаласындағы ахуал қиын. Шаһардың 2,5 млн халқы бар. Соның 400 мыңы үйлерінен көшірілді. Бүлінген инфрақұрылымда есеп жоқ. Мыңдаған адам дүние-мүлкінен айырылған. Халықтың зәре-құтын қашырған Калмэги тайфуны қазір Вьетнамға ойысып, жығылғанға жұдырық болды. Өйткені бұл елде бір аптадан бері нөсер басылмай тұр. Салдарынан өзендер арнасынан асып, бірқатар елді мекенді су басты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Филиппин #тайфунPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz