RU
Толық нұсқаға өту

Трамп G20 саммитіне қатысудан бас тартты

07.11.2025, 08:06 426

АҚШ президенті Дональд Трамп 21–22 қарашада Йоханнесбургта өтетін G20 саммитіне қатыспайтынын мәлімдеді.

Ол Оңтүстік Африканы басқару жүйесі азаматтардың еркіндігін шектейтін ел деп атап, бұл мемлекетке "Үлкен жиырмалықта" орын жоқ деді. Екінші президенттік мерзімінде Трамп Оңтүстік Африка Республикасына көмекті тоқтатқан. АҚШ көшбасшысының орнына саммитке вице-президент Джей Ди Вэнс барады. Саммиттің басты тақырыбы – маңызды минералдарды өндіру және пайдалану жөніндегі халықаралық тетік құру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz