RU
Толық нұсқаға өту

Газада 44 мың баланы вакциналайды

07.11.2025, 23:23 405

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газа секторында 44 мың баланы вакциналауды жоспарлайды.  

Балаларға қызамық, полиомиелит, В гепатиті және басқа да инфекцияларға қарсы екпе салынады. Шара ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның палестиналықтарға көмек көрсету агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылады. ДДСҰ өңірде қарулы қақтығыстан бүлінген 20 медициналық мекемені де қалпына келтіруді көздеп отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz