Израиль Газаға 15 палестиналықтың мүрдесін қайтарды.
Бұл туралы анклавтағы «Нассер» ауруханасының өкілдері хабарлады. Бір күн бұрын ХАМАС Тель-Авивке бір тұтқынның денесін жеткізген еді. Тараптар атысты тоқтату режимінің бірінші кезеңін іске асырып жатыр. Келісімге сәйкес Израиль әр қайтарылған тұтқынның денесі үшін 15 палестиналықтың сүйегін тапсырады. Бітім орнағалы ХАМАС 23 тұтқынның денесін қайтарды. Тағы бесеуін жеткізуге тиіс.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ХАМАС #Израиль #ГазаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz