Перу астанасы Лима қаласында жүздеген байкер жаппай шеруге шықты.
Оған себеп – билік өкілдері енгізген жаңа ережелер. Бұдан былай мотоцикл жүргізушілеріне жолаушыларды тасымалдауға және бет-жүзін анықтауға мүмкіндік бермейтін бас киім киюге тыйым салынады. Сондай-ақ олар арқа тұсында көліктің мемлекеттік номері жазулы күртеше киіп жүруге тиіс. Ережені елемегендер айыппұл төлейді. Жергілікті билік шараны мотоцикл жүргізушілері жасаған қылмыстың артуына байланысты қабылданған шешім дейді.
Тегтер #Перу #шеру #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz