RU
Толық нұсқаға өту

Түркия Ататүрікті еске алды    

11.11.2025, 12:30 344

Түркия түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алды. Жиынға Президент Режеп Тайып Ердоған, сондай-ақ парламент спикері, министрлер және жоғары лауазымды тұлғалар қатысты.

Ердоған Ататүрік кесенесіне арнайы зиярат етіп, түрік туы бейнеленген гүл шоғын қойды. Ел аумағында 1 минут үнсіздік жарияланып, мемлекеттік әнұран орындалды. Дәл осы сәтте Түркияның барлық өңірінде тулар төмен түсіріліп, ұлт көшбасшысын еске алу шарасы өтті. Рәсімнен кейін сөз алған Президент Ататүрік қалдырған ұлы мұраны жоғары бағалап, ел дамуы жолында аянбай қызмет ететінін айтты. 

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- 10 қараша – бұл өзгерісті түсіну және жүргізілген күрестің ауқымын ұғыну тұрғысынан маңызды күн. Егемендігімізді алып берген Ғази Мұстафа Кемалды ұлықтай отырып, біз Түркия Республикасын бар ынта-жігерімізбен қорғаймыз. Еліміз жаңа жетістіктермен күн сайын даму үстінде. Түркия әлемдік державаға айналу жолында болашаққа нық қадам басып келеді. 

Мұстафа Кемал Ататүрік – Түркия Республикасының тұңғыш президенті. Ол 1938 жылы Ыстамбұлда 57 жасында өмірден озды. Содан бері 10 қараша – Түркияда ұлт көшбасшысын еске алу күні ретінде жыл сайын ресми түрде аталып өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz