Беленде Палестинаны қолдайтын ондаған белсенді жаппай шеруге шықты. Олар БҰҰ-ның климаттық саммитіне Израильдің қатысуына наразы. «Геноцид жасаушыларға мұнда орын жоқ» деп ұрандатқан тұрғындар шараға Израильді шақырған ұйымдастырушыларды сынға алды.
Биыл климаттық саммитке Израиль өз тарапынан 2 өкіл жіберген. Израильдің Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір мемлекеттің барлық ресурсы Таяу Шығыстағы дағдарыс пен дипломатиялық күш-жігерге бағытталған. Сондықтан конференцияға үлкен делегация жіберуге мүмкіндік жоқ.
Тегтер #белсенділер #Израиль #СОР30 #климат саммиті #БҰҰ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz