RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық инвестициялық жобалар Оңтүстік Кореяда таныстырылды

12.11.2025, 17:48 376

Қазақстандық инвестициялық жобалар Оңтүстік Кореяның Сауда-өнеркәсіп Палатасында өткен форумда таныстырылды.

Оған Оңтүстік Корея бизнесінің 70-ке жуық өкілі қатысты. Инвесторлар алдында сөйлеген сөзінде еліміздің Сеулдегі Елшісі Нұрғали Арыстанов атап өткендей, бүгінде Қазақстанда Оңтүстік Корея капиталы бар 900-ге жуық компания жұмыс істейді. Олардың қатарында 2 банк, 2 автоконцерн және тұрмыстық техника шығаратын корпорация бар. Іскер адамдарға Қазақстан экономикасының барлық саласын қамтитын жүзден аса инвестициялық ұсыныс таныстырылды. Нұрғали Арыстановтың айтуынша, еліміздің Сеулдегі елшілігі барлық қазақ-корей бірлескен жобаларына қолдау көрсетуге дайын.

Нұрғали Арыстанов, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Біз достарымызбен және серіктестерімізбен кез келген бизнес бастамаларды талқылауға дайынбыз. Елдеріміздің арасында берік қарым-қатынас орнаған және келесі жылы Қазақстан Президентінің Кореяға сапары кезінде ол жаңа деңгейге көтеріледі. Біз сіздердің көмектеріңізбен ғана нәтижеге қол жеткізе аламыз. Тиімді бастамаларды жүзеге асыруға әзірміз.

Ли Сын Мин, Орталық Азия нарықтары бойынша кеңесші:

- Халықаралық жағдай күрделенді. Сондықтан белгілі бір елге инвестиция салудан бұрын, оның сыртқы байланысын және мәдениетін міндетті түрде зерттеу қажет. 2022 жылы Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік дәліз рөлін және АҚШ санкцияларына дейін жүзеге асырмаған кейбір функцияларды өз мойнына алды. Сондықтан оларға деген қызығушылық артты. Қазақстан ЕАЭО мүшесі болғандықтан ұйым аясында да артықшылықтарға ие. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz