Египет виза рәсімдеу құнын екі есеге дейін көтеруге ниетті. Жаңа заң жобасы елдің өкілдер палатасымен мақұлданды. Енді әр транзиттік виза үшін 20 доллар қосымша төлем алынады.
Егер заң қабылданса, визаның құны қазіргі 25 доллардан 45 долларға дейін көтеріледі. Мұндағы мақсат - Египеттегі дипломатиялық өкілдіктер, елшіліктер мен консулдықтардың ғимараттарын жаңарту болмақ. Ал Туристік палаталар федерациясы биліктен бұл жобаны тоқтатуын сұрап отыр, себебі мұндай өзгеріс туризмге кері әсер етуі мүмкін.
Тегтер #Мысыр #виза рәсімдеу #жаңа заң жобасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz