RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ: Судандағы қантөгіс тоқтатылуы керек

17.11.2025, 07:45 462

БҰҰ Суданның Эль-Фашир аймағында бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан тараптарды жауапқа тартуды талап етті. Елде екі қарулы топ арасындағы қақтығыс мыңдаған адамның өмірін қиды.

Ұйымның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктің айтуынша, аймақтағы жағдай қатты шиеленісіп кетті. Қалада байланыс үзілгендіктен, тұрғындардың жағдайы беймәлім. Ал бейбіт халық азық-түлік пен медициналық көмекке мұқтаж.

Фолькер Тюрк, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары:

- Суданда бейбіт тұрғындарға қарсы жаппай қырғын жасалып жатыр. Мұнда жұрт ұлттық ерекшелігі үшін жазықсыз ажал құшып жатыр. Елде зорлық-зомбылық, оның ішінде топтық зорлау және адамдарды ақша алу мақсатында ұрлау деректері жиілеген. Сондай-ақ медициналық мекемелерге, дәрігерлер мен гуманитарлық қызметкерлерге жасалған шабуылдар тіркеліп отыр. Ең сұмдығы, Эль-Фашир қаласындағы қан төгілген іздер ғарыштан да көрінеді.

Кейінгі айларда бейбіт тұрғындарға жасалған зорлық-зомбылықтан кемінде 500 адам зардап шеккен. Бұл жөнінде «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық гуманитарлық ұйымы хабарлады. Қауіптен қашқан жұрт Карни аймағына жетуге тырысқан. Алайда мұнда да жүздеген, тіпті мыңдаған адамның ұсталғаны жөнінде деректер бар. БҰҰ-ның деректеріне сәйкес кейінгі екі аптада, Эль-Фашир мен оның маңындағы ауылдардан 100 мыңға жуық адам бас сауғалап қашқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz