RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ Газа бойынша резолюция қабылдады

18.11.2025, 07:40 406

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Газа бойынша резолюция қабылдады. Қарарға сәйкес Газа секторында Халықаралық тұрақтандыру күштері құрылады. Олар бастапқыда екі жылдық мандатқа ие болады.

Құжат бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған кешенді жоспарға негізделген. Ол анклавтағы қауіпсіздікті нығайту, гуманитарлық қолжетімділікті қамтамасыз ету және ұзақмерзімді қайта қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған. Сондай-ақ Израиль өз күштерін толығымен аумақтан шығарып, ХАМАС және өзге топтар қаруын тастауы тиіс. Құжатқа Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 елдің 13-і дауыс берді. Ресей мен Қытай дауыс беруден бас тартты. ХАМАС құжатты сынға алып, оның Палестина халқының мүдделеріне сай келмейтінін мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz