RU
Толық нұсқаға өту

Берлин Израильге қару жеткізе бастады

18.11.2025, 07:45 332

Германия үкіметі Израильге қару-жарақ жеткізуге қойылған шектеулерді алып тастады. Бұл туралы үкімет өкілі Штефан Корнелиус мәлімдеді. Шешім 24 қарашада күшіне енеді.

Ол бұл қадамды Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимінің тұрақтануымен түсіндірді. Бірақ үкімет қару-жараққа байланысты өтініштерді автоматты түрде мақұлдамайды, керісінше, әр экспорт жағдайын жеке қарап, жағдайды бақылауда ұстайды. Корнелиустың айтуынша, Германия Таяу Шығыста ұзақмерзімді бейбітшілік орнату мен аймақты қалпына келтіру бағытында жұмысын жалғастыра береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz