RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияда аюды дронның көмегімен үркітеді

18.11.2025, 16:15 330

Жапонияда орманшылар аюларды дронның көмегімен үркітеді. Ұшқышсыз аппаратқа дауыс зорайтқыш орнатылған.

Егер аю елді мекенге таяса, бірден үрген иттің дауысын шығарады. Қажет болса жануарға отшашу атып, шабуылдай алады. «Жаңа тәсіл өте тиімді», - дейді мамандар. Биліктегілер орманға бармауға, қараңғы түссе үйден шықпауға және жабайы аңнан қорғану үшін қоңырау іліп жүруге кеңес берді. Рейтер агенттігінің кейінгі дерегі бойынша, Жапонияда биыл 220 адам аюдың шабуылына ұшырап, 13-і мерт болған.

Корнелия Ли, турист:

- Биыл орманда аюлар жейтін азық дұрыс шықпаған тәрізді. Сондықтан аш жануар елді мекендерге келіп, тамақ іздеп жүрген көрінеді. Ауылға тоқтауға қорқып, қаланың ішінен қонақ үйге орналастық.     

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz