RU
Толық нұсқаға өту

Нетаньяху палестиналықтарға жасалған шабуылды айыптады

18.11.2025, 18:00 327

Израиль премьер-министрі палестиналықтар тұратын ауылдарға жасалған шабуылды қатаң айыптады. 

Сондай-ақ кінәлілер жазаға тартылуға тиіс деп мәлімдеді. Бұдан бөлек құқық қорғаушыларды бүлік шығарғандарға қатаң жаза қолдануға шақырды. Еске салайық, таяуда Иордан өзенінің батыс жағалауында израильдіктер палестиналықтар қоныстанған елді мекендерге шабуыл жасады. Олар үйлер мен көліктерді өртеп жіберген. БҰҰ-ның дерегі бойынша, өткен айда 260 палестиналық шабуылға ұшырады. Мұндай деректер 2006 жылдан бері тіркелген емес.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz