Куба, Гаити және Ямайкада жарты миллионға жуық бала мектепке бара алмай жүр.
Таяуда бұл аймақта «Мелисса» дауылы ойран салды. Мұның салдарынан бүлінген ғимарат көп. Соның ішінде білім ошақтары да қирады. Дүлей дауылдан бері 3 апта өтсе де, балалар әлі сабақ оқи алмай жүр. Өйткені күрделі жөндеу жұмыстары қажет. БҰҰ мұндай үзіліс оқушылардың біліміне әсер етеді деп алаңдаулы. Мәселені шешу үшін аймаққа құрылыс материалдарын жөнелтті. Сондай-ақ оқу құралдары мен шатырлар жіберген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мектеп #балалар #ямайка #Куба #ГаитиPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz