Тайвань Қытай шабуылынан қауіптенеді. Сондықтан соғысқа дайындықты бастап кетті.
Билік әр отбасыға арнайы жадынама таратпақ. Онда төтенше жағдай кезінде, соның ішінде Қытай әскер кіргізсе, не істеу керектігі бүге-шүгесіне дейін жазылған. Тіпті жау әскерін ажырату, жасырынатын орындарды іздеу, капитуляция туралы жалған ақпарды қалай анықтау керектігіне дейін тізіп көрсетілген. Арнайы жадынама 9 млн 800 мың отбасыға таратылмақ. Ағылшын және өзге де тілдерге аудырылған нұсқасы әзірленген. Қытай Тайваньды өз аумағы деп санайды. Ал Тайвань үкіметі бұған үзілді-кесілді қарсы.
Шен Вэй-Чи, Тайвань Қорғаныс агенттігінің директоры:
- Қарттар онлайн материалдарды жүктеп, оқи алмайды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде интернет және электр қуаты өшіп қалуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік ережелері жазылған кітапшаны басып шығарып, таратқан жөн деп санаймыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Тайвань #төтенше жағдайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz