Кубада мыңдаған тұрғын екі аптадан бері жарықсыз отыр.
Бұған қазан айының соңында елді жайпап өткен «Мелисса» дауылы себеп. Бірақ электр желілері әлі күнге дейін қалпына келтірілмеді. Эль-Кармен елді мекенінің тұрғындары жаппай наразылыққа шықты. Жергілікті халық жолды бөгеп, биліктен электр қуатын беруді талап етті. Ресми мәліметке сәйкес, «Мелисса» дауылы кезінде 700 мыңнан астам адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланған. Ал өазір 54 мыңнан астам кубалық үйлеріне қайта алмай отыр. Олардың 7500-ы уақытша паналау орталықтарында тұрып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #КубаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz