RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Газадағы қақтығысқа қарсы БҰҰ қарарын құптайды

18.11.2025, 21:36 386

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтатудың кешенді жоспары туралы қарарының қабылдануын құптайды.

АҚШ-пен қатар атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілуіне маңызды үлес қосқан басқа елдердің күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Қарардың қабылдануы – Газа секторындағы жағдайды шешуге, тараптар арасындағы сенімді қалпына келтіруге және Таяу Шығыстағы тұрақты бейбітшілікке бағытталған маңызды қадам. Қазақстан Ибраһим келісімдері аясында барлық серіктестермен сындарлы түрде өзара әрекеттесуге және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық күш-жігерге одан әрі үлес қосуға дайын, - деп жазылған Сыртқы істер министрлігінің ресмит мәлімдемесінде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz