Сауд Арабиясы АҚШ-тан 300-ге жуық танк пен F-35 жойғыш ұшақтарын сатып алады. Дональд Трамп пен Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Ақ үйдегі кездесу барысында осындай келісімге келді.
Осылайша АҚШ Саудияның қорғаныс саласындағы басты стратегиялық серіктесіне айналады. Тараптар сондай-ақ сирек металдар мен атом энергетикасы жөнінде ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
Тегтер #Сауд Арабиясы #АҚШ #танк #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz