Әлемде биометрия технологиясына сұраныс артады. Алдағы 5 жылда оның нарығы 120 миллиард доллардан асуы мүмкін. Қазір бұл көрсеткіш 59 миллиард долларға жуықтаған. Яғни бұл нарық жылда 15% өсіп тұрады. Mordor Intelligence сарапшылары осылай деп топшылайды.
Олардың айтуына қарағанда ең көп қолданылатын технология бұл - саусақ іздері. Одан соң 26 пайызбен бет-әлпетті тану жүйесі тұр. Үштікке 10%-пен көздің беткі қабығы арқылы тану технологиясы кіреді. Жалпы биометрия нарығының 40%-і АҚШ-қа тиесілі.
Ізінше Еуропа тұр. Үштікті Азия-Тынық мұхиты аймағы сабақтайды. ТМД елдері биометриялық деректерді қолдануға күмәнмен қарайды. Сарапшылар: «бұған ақпараттың жеткіліксіздігі және мұны жеке өмірге қол сұғу ретінде қабылдау себеп», – дейді.
Тегтер #биометрия #Face ID #АҚШ #Еуропа #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz